"Манчестер Сити" мен "Челси" арасындағы Чемпиондар Лигасының финалдық матчы Порту қаласындағы (Португалия) "Драгау" стадионына ауыстырылды, деп хабарлайды УЕФА-ның баспасөз-релизі.
Бастапқыда кездесу Стамбулдағы "Ататүрік" стадионында өтуі керек еді. 3 мамырда Түркия шетелден келген қонақтарға коронавирусқа қарсы сынақ тапсыру туралы талапты жойды. Бұл талап 16 елдің азаматтарына, соның ішінде Ұлыбританиядан келгендерге де қатысты және 15 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда Түркияның өзі "қызыл аймаққа" кірді. Ал Түркиядан Ұлыбритания аумағына келген адамдар 10 күн карантинде жату қажет. Сондықтан Ұлыбритания үкіметі матчты бұл елде өткізуден үзілді-кесілді бас тартты.
Айта кетейік, "Манчестер Сити" мен "Челси" арасындағы кездесу 29 мамырда өтеді. Матчта Антонио Мигель Матеу Лаос (Испания) бастаған төрешілер тобы қызмет етеді.
Біздің серіктес: FONBET