Чемпиондар Лигасының орталық матчы Румынияда өтеді

10.02.2021, 22:37
Испапия үкіметі Ұлыбританиялық азаматтардың елге кіруіне тыйым салды.
Чемпиондар Лигасының орталық матчы Румынияда өтеді

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Атлетико" - "Челси" арасындағы матч Бухарестте өтеді, деп хабарлайды мадридтік клубтың ресми сайты. Кездесуді Румыния астанасында орналасқан "Ұлттық стадион" қабылдайды.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 23 ақпанға жоспарланған кездесу Испания мен Ұлыбритания арасындағы саяхаттардың шектелуіне байланысты Мадридтен Бухарестке ауыстырылды. Қарымта матч 17 наурызда Лондонда өтеді.

Бұған дейін Чемпиондар лигасындағы "РБ Лейпциг" пен "Ливерпуль" арасындағы кездесу 16 ақпанда Будапешттегі "Пушкаш Аренада" өтеді деп хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×