УЕФА Чемпиондар лигасының форматы өзгермек

10.02.2021, 20:30
Жаңа формат бойынша командалар топқа бөлінбейді.
УЕФА Чемпиондар лигасының форматы өзгермек

УЕФА-ның барлық 55 қауымдастығы Чемпиондар лигасының жаңа форматқа ауысуына келісімін берді, деп хабарлады Sky Sports. Бірақ Чемпиондар лигасының форматын өзгерту туралы соңғы шешім сәуір айынан кейін қабылдануы мүмкін.

Жаңа формат бойынша командалар топқа бөлінбейді, ал турнир швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Клубтар әртүрлі қарсыластармен кем дегенде 10 матч өткізеді (5 ойын өз алаңында және 5 ойын сырт алаңда). Турнирге қатысушылар саны 32-ден 36-ға дейін артуы мүмкін.

УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа форматын тоғыз жылдық жоба ретінде жоспарлап отыр, ол 2024 жылы басталып, кем дегенде 2033 жылға дейін жалғасуы керек. Чемпиондар лигасының жаңа форматы ұлттық чемпионаттарға зиянын тигізуі мүмкін, яғни әр чемпионаттағы қатысушылар саны 16 немесе 18-ге дейін қысқартылады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×