Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

07.11.2020, 02:02
Шабуылшы бұл ойында хет-трик жасаған болатын.
Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

"Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жота Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Дауыс беру кезінде 23 жастағы португалиялық ойыншы Алассана Плеа ("Боруссия Мёнхенгладбах"), Эрлинг Холланд ("Боруссия Дортмунд") және Юсеф Эн-Несириді ("Севилья") артқа тастады.

Еске сала кетейік, Жота "Ливерпульге" Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің үшінші турында "Аталанта" командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңуге көмектесті. Диогу үш голдың авторы атанды.

Үш турдың қорытындысы бойынша "Ливерпуль" D тобында максималды 9 ұпаймен көш бастап тұр. "Аякс" пен "Аталанта" 4 ұпаймен екінші және үшінші орынды бөлісіп тұр. Ал "Мидтьюлланд" (0 ұпай) соңғы орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×