Юлиан Нагельсманн «Манчестер Юнайтедті» жаттықтыруы мүмкін

07.11.2020, 02:22
Нагельсманн Еуропадағы ірі клубтардың назарын өзіне аударды.
Юлиан Нагельсманн «Манчестер Юнайтедті» жаттықтыруы мүмкін

"РБ Лейпцигтің" бас бапкері Юлиан Нагельсманн "Манчестер Юнайтедті" баптауы мүмкін, деп хабарлайды ESPN.

Дереккөздің хабарлауынша, англиялық клубтың басшылығы 33 жастағы маманның қызметіне қызығушылық танытып, алдын-ала келіссөздер жүргізіп үлгерген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Манчестер Юнайтедті" Брендан Роджерс немесе Маурисио Почеттино жаттықтыруы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Сонымен бірге, клуб басшылары маусым басындағы нашар нәтижелерге қарамастан Сульшерді қолдайтындықтарын білдірді.

4 қарашада "Манчестер Юнайтед" күтпеген жерден УЕФА Чемпиондар Лигасының матчында "Истанбул Башакшехирге" есе жіберген болатын (1:2). Соған қарамастан "қызыл сойқандар" өз тобындағы көшбасшылығын сақтап қалды. Англия Премьер-лигасының осы маусымында "Манчестер Юнайтед" алты матчта жеті ұпай жинап, 15-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×