«Қайрат» Дино Микановичпен келісімшартты ұзартты

07.11.2020, 02:36
«Қайрат» команда сапындағы үздік ойыншыларын сақтап қалуды көздеп отыр.
«Қайрат» Дино Микановичпен келісімшартты ұзартты

"Қайрат" футбол клубы Дино Микановичпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлады клубтың ресми сайты. Хорватиялық қорғаушының жаңа келісімшарты екі жылға есептелген.

26 жастағы ойыншы "Қайратпен" алғаш рет 2019 жылдың ақпанында екі жылдық келісімшартқа отырған болатын.

ҚПЛ-дің ағымдағы маусымында ол 17 матч өткізіп, бес нәтижелі пас берді. Ал оның командасы чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда, мерзімінен бұрын чемпион атанған еді.

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавпен келісімшарттың ұзартылғанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×