"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Маркус Рэшфорд Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды УЕФА баспасөз қызметі.
Шабуылшы "РБ Лейпцигке" қарсы (5:0) матчта хет-трик жасады. Ол 63-минутта алаңға шықты. Осылайша Рэшфорд турнир тарихындағы қосалқы құрамнан шығып жылдам хет-трик жасаған футболшы атанды.
74-минутта Англиялық клуб Маркус Рэшфорд соққан голының арқасында есепті еселеді. Бірнеше минуттан кейін Рэшфорд дубль жасады. Ал 87-минутта төртінші голды Антони Марсьял пенальтиден соқты. Қосымша уақытта Рэшфорд хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды. Шабуылшыға үш гол соғуға небәрі 27 минут қажет болды.
Апта ойыншысы атағына үміткерлер тізімінде одан бөлек үш шабуылшы бар еді: Жоао Фелиш ("Атлетико"), Дуван Сапата ("Аталанта") және Мойзе Кин ("Пари Сен-Жермен").
Біздің серіктес: FONBET