ПСЖ президенті ақталып шықты

31.10.2020, 03:14
Ол бұрынғы ФИФА-ның бас хатшысына пара берді деп айыпталған болатын.
ПСЖ президенті ақталып шықты

"Париж Сен-Жермен" президенті Насер Аль-Хелайфи мен ФИФА-ның бұрынғы бас хатшысы Джером Уолкеге қатысты сот ісі аяқталды.

L'Equipe хабарлауынша, Париж клубының басшысы ақталып шыққан. Сот шенеунікті 120 күндік пробациямен жазалады.

Естеріңізге сала кетейік, Швейцарияның Бас прокуратурасы 2013-2015 жылдар аралығында Вальке ФИФА-дағы позициясын белгілі бір компанияларға Италия мен Грециядағы халықаралық турнирлерді тарату құқығын алу үшін пайдаланды деп есептеді. Әңгіме 2018 жылдан 2030 жылға дейінгі әлем чемпионаттары мен конфедерация кубоктары туралы болды. Оның орнына бұрынғы менеджер beIN Media телевизиялық тобының жетекшісі болып табылатын Аль-Хелайфиден жалпы құны 1,25 миллион еуро көлемінде пара алған. 2018 жылы қаңтарда Уолке 12 жылға футболдан шеттетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×