Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы белгілі болды

31.10.2020, 03:24
Шабуылшы қосалқы құрамнан шығып, хет-трик жасады.
Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы белгілі болды

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Маркус Рэшфорд Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды УЕФА баспасөз қызметі.

Шабуылшы "РБ Лейпцигке" қарсы (5:0) матчта хет-трик жасады. Ол 63-минутта алаңға шықты. Осылайша Рэшфорд турнир тарихындағы қосалқы құрамнан шығып жылдам хет-трик жасаған футболшы атанды.

74-минутта Англиялық клуб Маркус Рэшфорд соққан голының арқасында есепті еселеді. Бірнеше минуттан кейін Рэшфорд дубль жасады. Ал 87-минутта төртінші голды Антони Марсьял пенальтиден соқты. Қосымша уақытта Рэшфорд хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды. Шабуылшыға үш гол соғуға небәрі 27 минут қажет болды.

Апта ойыншысы атағына үміткерлер тізімінде одан бөлек үш шабуылшы бар еді: Жоао Фелиш ("Атлетико"), Дуван Сапата ("Аталанта") және Мойзе Кин ("Пари Сен-Жермен").

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×