«Каспий» «Қайсардан» басым түсті

31.10.2020, 01:55
Ақтаулық ұжым оныншы орынға көтерілді.
«Каспий» «Қайсардан» басым түсті

Қызылордалық "Қайсар" Премьер-лиганың 16-турында Ақтаулық "Каспийден" жеңіліп қалды. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 77-минутта Габышев соқты. Оның айып алаңының ішінен жасаған соққысын Заруцкий ұстай алмады.

Осы жеңістен кейін "Каспий" 10 ұпаймен оныншы орынға көтерілді. 20 ұпайы бар "Қайсар" бесінші орынын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×