Райан Гиггз: «Манчестер Юнайтед» 20 жылдан кейін чемпион болады»

31.10.2020, 00:42
Райан Гиггз Клопп пен Гвардиоладан тәлім алу керек деп ойлайды.
Райан Гиггз: «Манчестер Юнайтед» 20 жылдан кейін чемпион болады»

«Манчестер Юнайтедтің» аңызы Райан Гиггз келесі Премьер-лига титулын алу үшін командаға кем дегенде 15 жыл уақыт кетуі мүмкін деп болжады. Соңғы рет «қызыл сойқандар» 2013 чемпион атанған болатын.

«Бұл 15, 20 жылдан кейін орын алуы мүмкін, егер Клопп пен Гвардиола жұмысын жалғастыра берсе. Оларда қаржы мен қажетті ойыншылар бар. «Ливерпуль» алдыңғы титулын 1990 жылы жеңіп алғанда, олар да жақын арада тағы біреуін жеңіп аламыз деп ойлады. Бірақ бұл үшін тіпті Клопптың өзіне төрт жарым жыл қажет болды. Бұл көп уақытты қажет етеді. Клопптың не істегенін қарастырған жөн. Ол әр маусымда команданы жақсарта түсті. Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Барлығы прогресті көрді, сондықтан қысым сәл төмендеді.

Әрбір жаңа жаттықтырушы немесе жаңа ойыншы командаға титул әкеледі деп күтілуде, бірақ бұл оңай емес», - деп келтірді Sky Sports Гиггздің сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×