Чемпиондар лигасының ширек финалында жиі ойнаған команданы білесіз бе?

10.03.2024, 13:09

Бұл тізімнің 5-6 шы орнында "Ювентус" пен "Челси". "Бьянконери" мен "ақсүйектер" ЧЛ 1/4 кезеңінде 12 рет өнер көрсеткен. 4-ші орын "Манчестер Юнайтедтікі". Манкуниандықтардың еншісінде 14 ширек финалы бар.

Чемпиондар лигасының ширек финалында жиі ойнаған команданы білесіз бе?

3-ші орын - "Барселона". Каталондық команда бұл кезеңге дейін 18 рет жетіпті. 2-ші орында" Реал". Мадридтік клубтың еншісінде 20 ширек финал ойыны бар. Ал бұл кезеңде ең көп бақ сынаған команда-"Бавария". Мюнхендік ұжым 1/4 кезеңінде 22 рет ойнапты. "Бавария" осы жолы да ширек финалда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×