Чемпионды анықтайтын күн алыс емес

11.10.2011, 02:28
Чемпионды анықтайтын күн алыс емес
Ақтөбеде өтіп жатқан 1994 жылы туған жас аяқдопшылардың ақтық сынындағы барлық ойынды сіздерге хабарлап отырған едік. Ертең бұл біріншілік те өз аяғына жетеді. Ал қазір сіздерге бүгінгі ойындарды ұсынып отырмыз. Бүгінгі ойын күнінде бір ғана команда жеңіске жетті. Павлодарлық «Ертіс»  «Каспийді» 2:1 есебімен қапы қалдырды. Осылайша «Ертістің» екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі пайда болды. Ал үздік сегіздіктің ішінде қарсыластарына қарсылық көрсете алмай келе жатқан «Шахтер» мен «Тараз» өзара ойнап, ұпай бөлісті. Есеп – 0:0. Қостанай өлкесінен келген «Тобыл» мен қызылордалық «Қайсар» арасындағы ойында да жеңімпаз анықталмады. Қос ұжым бір-бірінің қақпасына үш голдан енгізді. Бұл турдағы орталық ойындардың бірі болып саналған чемпиондыққа бірден-бір үміткер «Ақтөбе» мен елордалық «Астананың» арасындағы ойында жанкүйерлер гол көре алмады. Қауіпті шабуылдар, қызықты комбинацияларға толы болған бұл ойын нөлдік нәтижемен аяқталды. Жергілікті «Ақтөбеге» чемпиондыққа бір ғана қадам қалды. Енді турнир кестесіне көңіл аударсақ. «Ақтөбе» әлі де көш басында. Қоржынында – 31 ұпай. Екінші сатыда 28 ұпаймен павлодарлық «Ертіс». Үздік үштікті 26 ұпайы бар «Каспий» түйіндесе, осындай ұпайға ие «Астана» төртінші орында. Бүгінге дейін 24 ұпай жинаған «Тобыл» бесінші орынға көтерілсе, «Қайсар» 20 ұпаймен алтыншы сатыға сырғыды. «Тараз» (19), «Шахтер» (15) командалары тиісінше жетінші, сегізінші орындарды місе тұтып отыр. Есет ТӨЛЕШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×