Чемпиондықты тойлап жатқан «Ливерпуль» ойыншысының үйі тоналды

24.07.2020, 14:04
Үйден әшекей заттар мен көлік ұрланған.
Чемпиондықты тойлап жатқан «Ливерпуль» ойыншысының үйі тоналды

«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Фабиньоның үйі тоналды.

Футболшы бұл уақытта командамен бірге Англия Премьер-лигасындағы жеңісін тойлап жүрген. Оқиға мерекелік іс-шаралар кезінде команданың 37-турдағы «Челсиге» қарсы ойынынан кейін болды. Полицейлердің айтуынша, бірнеше зергерлік бұйымдар ұрланған, сонымен қатар сұр түсті Audi RS6, кейіннен ол Уиганның маңындағы ауданда табылған.

Бұған дейін, Садио Маненің үйі 2019 жылы "Бавариямен" ойнағанда осындай қарақшылықты бастан өткерген, одан бөлек, Деян Ловрен, Роберто Фирмино, Пепе Рейна, Даниэль Аггер және Ежи Дудек те ұрылардың құрбаны болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×