Сенсация! «Ювентус» жеңілді

24.07.2020, 09:00
Италия чемпионы қай команда болады?
Сенсация! «Ювентус» жеңілді

9 рет қатарынан Италия чемпионы атанғысы келген "Ювентус" 35-турда "Удинеземен" кездесті. Осы кездесуді жеңсе 3 ойын бұрын чемпион атанатынын білген Маурицио Сарри шәкірттері Матиас Де Лигттің голының арқасында есеп ашты. Алайда екінші таймда Нестеровский таразы басын теңестірді. Ал соңғы минутта Фофана жеңіс добын салып, "Ювентусты" тақырға отырғызды. "Аталанта" енді "Юведен" 6 ұпай ғана қалып келеді.

Роналдудың командасы 26 шілде күні өз алаңында "Сампдориямен" ойнайды. Айтпақшы, "Лацио" Кальяриді" 2:1 жеңді. Сол матчта бір голды Чиро Иммобиле соқты. Енді ол Криштианудан 1 допқа озып тұр деген сөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×