ЧИЛИ. Жеңіске ұмтылған жұмбақ команда

29.05.2014, 00:29
ЧИЛИ. Жеңіске ұмтылған жұмбақ команда

Чили 1930 жылы өткен алғашқы чемпионатқа қатысқан. 2010 жылы команда 1962 жылдан бері екінші мәрте іріктеуден өте алды. Оңтүстік Америка құрлығындағы командалардың ешқайсысы да бұл жолы Хорхе Сампаолидің командасындай көп жеңіске жетпеді.

Хорхе САМПАОЛИ

Біз қатарынан екінші чемпионатқа қатысқалы отырмыз. Жарыстың Бразилияда өтетіндігі біздің жанкүйерлеріміздің чемпионатта көп болатынын білдіртеді. Құрама команданы Әлемдегі ең мықты турнирде жақсы жағынан көрсетуге тырысамыз. Футболшылардың барлығы сол сәтті тағатсыздана күтіп жүр.  

Артуро ВИДАЛЬ Менің ойымша біз чемпионаттың тосынсыйы бола алатын сияқтымыз. Бізді көбісі білмейді. Сондықтан да топтарынан шыға алмайды деп баға беріп жүр. Мен олардың пікірімен өз басым келіспеймін.
«Чили» деген сөздің мағынасы «жердің шеті» дегенді білдірсе керек.
Бұл мемлекет Оңтүстік Америкадағы Бразилиямен шектеспейтін екі елдің бірі.
Анды – әлемдегі ең ұзақ тау жоталары.
Таулар күллі елдің аумағына дейін созылып жатыр…
…ел аумағының 80 пайызын тау басып жатыр.
Чилиде ең биік нүктеде орналасқан өзен бар…
…және ең күшкентай бұғы да осы елде. Пуду есімді бұғы Чилидің жағалауға жақын орналасқан Чилоэ аралынан табылды.
Команда ең алғашқы 1930жылы өткен чемпионатқа қатысқан.
Елдегі танымал клубтар – «Коло-Коло» мен «Универсидад де Чили»
Ұлттық құраманың лақап аты – «Ла Роха»…
Ал чилилік жанкүйерлер өлең айтқанды ұнатады.
Оңтүстік Америка құрлығында өткен Әлем чемпионатында өз құрамаларына жанкүйер етпегеніне 50 жыл өткен чилиліктер елге берілген 32 мың билетті санаулы минуттарда талап әкетті. Фелипе ГУТЬЕРРЕС Чилидің жанкүйерлері футбол тиарихында орын алады. Олар Чили қатысып келе жатқан бүкіл чемпионаттарға барып жүр. Әлемнің қай түпкірінде ойнап жатсаң да олар трибунадан бой көрсетіп отырады. Енді олар осы жолы бізден жақсы ойынды тағы да талап етеді. Тіпті, бұрынғыдан да жақсы ойнауға мәжбүрміз. Чили жанкүйерлері өз командаларының чемпиоанқа зорға дегенде шыққанын өз көздерімен көрді. Клаудио Борга баптап тұрған кезде олар алты кездесудің 4-еуін жеңді. Дегенмен, одан кейінгі нәтижелер күрт төмендеп кетті. Аргентинамен және Сербияға қарсы өткен жолдастық кездесуден соң Борга өз қызметінен босатылды. Оның орнына аргентиналық маман Хорхе Сампаоли тағайындалды. Жаңа бапкер келгенімен бірінші ойында олар Перуден жеңілді. Ал одан кейін Чили құрамасы өз тарихындағы ең мықты ірктеу ойындарын өткізді. Фелипе ГУТЬЕРРЕС Профессорда ерекше әдіс бар. Ол динамикаға негізделген. Біз қарсыласты қатты қыспаққа аламыз әрі допты өзімізде жақсы ұстайтын болдық. Мұндай» әдіспен біз қарсыластың қол аяғын тырп еткізбей ұстаймыз. Тұсаулап тастаймыз. Енді дамып келе жатқан командамыз. Альдо СКИАППАКАССЕ Ол келісімен өзінің әдістерін енгізе бастады. Соның амалдарын қарастырды. Сампаоли үніме шабуылдағанды ұнататын бапкер. Қай команданы жаттықтырса да оның командасы шабуылда нағыз дүлей бола қалады. Сампаолидің қол астында қазір мықты футболшылар бар. Әрине, 2010 жылмен салыстырғанда тәжірибиелі футболшылар қазір негізгі құраманы құрап отыр. Сампаоли командаға Марсело Бьелса әкелген шабуылдайшы мәнерді одан әрі жандандыра түсті. Іріктеу матчтарында Чили 13 гол соқты. Сол голдың барлығын командадағы әртүрлі ойыншылар салды.  Сампаоли 4-3-3 және 3-4-3 сызбасын ұстанады. Марсело Диас плеймэйкер қызметінде. Артуро Видаль немесе Маурисио Исла оң жақта ойнайды. Команда ойынында маңызды рөлді Хорхе Вальдивиа алып тұр. Ал шабуыл өтінде командада әлемдік деңгейдің шабуылшысы бар. Ол – Алексис Санчес. Ол өзінің қалыпты жағдайына келіп үлгеретін шығар деп күтеміз. Ал Эдуардо Варгас іріктеудегі ойынын қайталаса да жетеді. Сондай-ақ,  Артуро Видаль  «Ювентуста» көрсетіп жүрген ойынын осында өзімен бірге ала келсе дейміз. Егер осы футболшылар жасындай жарқылдамаса, Чили чемпионаттан аброймен қайтуы қиындау. Альдо СКИАППАКАССЕ Алексис Санчес – атақты ойыншы. Оның «Барселонодағы» ойыны осылай айтқызып отыр. Ұлттық құрамада ол Артуро Видалмен бейресми түрдегі лидер деген атаққа таласып жүр. Видаль Сампаолидің кейбір қызықты сызбаларында негізгі ойыншы. Алексис Санчес жалғыз өзі кездесу қаһарманы атанып, ойын тағдырын шешіп кете алатын футболшы. Артуро Видаль жартылай қорғанысты үнемі алға сүйреп тұратын маңызды футболшы. Негізгі күш шабуылға салынуда. Ал қорғаныс күдік тудыруда. Негізінен құрамаға Маркос Гонсалес пен Гари Медель алынып жүр. Соңғысы бірақ өз клубында жартылай қорғаныста ойнап жүр. Орталық қорғаушыда болуы керек ірілікті ол жылдамдықпен алмастырып жүр. Хорхе САМПАОЛИ Біз ширақ ойнап, әр қапталды іске қосып отырғанды жақсы көреміз. Жігіттер, осындай футболға әбден үйренісіп қалған. Көп кеңістікті қажет етеміз. Ал мықты қарсыластарға қарсы ойында бізге өзгеше ойнау керек болады. Матч бойы қанша шабуылдасақ, соншалықты қорғанысқа қамалуымыз да ықтимал. Команда лидеріосы уақтта голкипер Клаудио Браво. Ол құрама командаға 2004 жылдан бері еңбегін сіңіріп келеді. Қақпашы осымен үшінші іріктеу турнирін артқа тастады. Хорхе САМПАОЛИ Клаудио капитан болғалы бері өте тәжірибиелі әрі ақылды болып жүр. Керек кезінде бар ауыртпашылықты өз мойнына ала алады. Бапкердің араласа алмайтын шаруаларына капитан жақсы шешімдер қабылдап, команданың бірлікте болуына үлесін қосыты. Чилидің капитаны команданың сөзсіз маңызды ойыншыларының бірі. Клаудио БРАВО Мен бұл турнирден көп нәрсе күтемін. Бүкіл команда күтеді. Мен үшін екінші чемпионат. Бірінші барғанымызда құрама кіл жастардан тұратын. Енді сол жастар бір саты жоғарылап, қайта айналып келіп отыр десек болады. Браво құраманың капитаны болып 2013 жылдың қазанында сайланды.  Сол кезде Чили Баранквилаға барды. Қатарынан 4 кездесуде жеңіске жеткен чилиліктер бұл ойында да жеңіп жатты. Әлем чемпионатына шығуға дайындалып тұрған құраманың күллі жоспарын Колумбиялықтар құртты. Чили құрамасы әлем чемпионатына жолдаманы Эквадорға қарсы өткен ойында алды. 2:1 есебімен жеңіске жеткен кездесуде Санчеса пен Медель бір бір голдан соқты. Клаудио БРАВО Бұл бір керемет жағдай еді. Көңіл-күй деген сыртқа тасып шығып жатты. Елдің бәрі айналада өздігінен тойлатып жатты. Егер біз сырт алаңдағы ойында жолдаманы қалтаға салғанда бұлайша тойламас та едік. Өйткені сырттағы ойында біздің жанкүйерлер көп болған жоқ. Тура өз алаңымызда жеңіске жеткеніміз нұр үстіне нұр болды. Халық ризашылығы өте керемет болды. Менің ойымша біз жарысты одан әрі жалғастыра аламыз. Ол үшін бірінші ойында барынша жақсы ойнауымыз керек. Біздің алғашқы мақсатымыз топтық кезеңді артта қалдыру. Ары қарай өзге де қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Дегенмен, алдымен бірінші матчқа тыңғылықты дайындаламыз. Чили B тобвна түсті. Онда оларды Нидерланды, Австралия және Испания құрамалары күтіп тұр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×