ЧЛ: 6-тур. КЕРЕК ДЕРЕК

09.12.2011, 18:28
ЧЛ: 6-тур. КЕРЕК ДЕРЕК

Арсен Венгердің еуротурнилердегі 200 матчы,  «Манчестер Юнайтедтің» сенсация, «Генктің» антирекорды мұның бір Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 6 турында болған оқиға. Осы және басқа да көптеген қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамын.

А тобы «ВИЛЬЯРРЕАЛ» - «НАПОЛИ» - 0:2

«Вильяреал» испан командаларының арасындағы топтық кезеңде барлық кездесулердегі жеңілген бірінші ұжым болды. Енді тек англия және италия елдерінің өкілдері топтық кезңнін барлық ойындарында жеңілмеген ел болып отыр.

«МАНЧЕСТЕР СИТИ» - «БАВАРИЯ» - 2:0

- «Ситидің» жартылайқорғаушысы Давид Сильва 2007 жылдың 4 сәуірінен кейін, енді ғана чемпиондар лигасында гол соғып жатыр. Ол кезде испандық ойыншы «Валенсия» сапында ойнап, «Челсиға» гол ұрған болатын.

Б тобы «ИНТЕР» - ЦСКА – 1:2 -        «ЦСКА» ресейлік командалардың арасында екі рет плей-офф кезеңіне жеткен алғашқы команда. -        Осы ойында Диего Милито «Интер» сапындағы 100-ші кездесуін өткізді.

-        Хавьер Дзанетти мәскеуліктермен қарсы ойында, жасы 38 жас 119 күнге тура келіп, миландықтардың тарихындағы жасы ең үлкен ойыншы атанды. Аргентиналық ойыншы Паоло Орландинидің рекордын 2 күнге жаңартты.

-        «ЦСКА» шабуылшысы Сейду Думбия өзінің 5-голын салып, енді тек Марио Гомес және Лионель Мессиден бір гол қалып келеді. С тобы . «БАЗЕЛЬ» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» - 2:1

- «Базель» топтық кезеінен өткен бірінші швейцариялық команда болды, ал «Юнайтед» өз тарихтарында 17 рет қатысқан топтық кезеңнен 3 рет шыға алмады.

«БЕНФИКА» - «ОЦЕЛУЛ» - 1:0

-        «Бенфика» осымен екінші рет өз тобында бірінші орынмен рлей-оффтық кезеңге қадам басты. Алғаш рет португалиялық команда 1994-95 жылғы маусымда топтарында бірінші орымен шыққан.

-        «Бенфиканың» парагвайлық шабуылшысы Оскар Кардоса Чемпиондар лигасында өзінің 7 голын салып, команданың бұл көрсеткіш жөніндегі үздік сұрмергені Нуну Гомешке жетті. Сонымен қатар ол парагвайлық тағы бір шабуылшы Роке Санта Круспен де теңесті.

D тобы. «ДИНАМО» (ЗАГРЕБ) – «ЛИОН» - 1:7

-        Бұл кездесуде «Лионның» шабуылшысы Бафетимби Гомис покердің авторы атанды. Сөйтіп ол бұл турнир барысында бір ойында көп гол ұрған ойыншылардың қатарына қосылды. Бұған дейін Лионель Месси, Андрей Шевченко, Руд ван Нистелрой, Марко ван Бастен, Симоне Индзаги және Дадо Пршо сынды ойыншылар бір матчта 4 голдан салған екен.

-        Сонымен қатар Гомис 7 минуттың ішінде покер жасап, бұл турнирде жаңа рекорд орнатты. Осы уақыттқа дейін покердің рекоды «Блэкберн» шабуылшысы Майк Ньюэллге тиесілі еді. Ол «Русенборг» қақпасына 9 минуттың ішінде 4 гол ұрған.

-        28 минутқа дейін екі сары қағазыдң иесі атанған Йерко Леко,  Чемпиондар лигасындағы жарты сағатқа жетпей қос сары қағаз алған 10-ойыншы болды. Ал бұл көрсеткіш жөнінен рекорд «Тоттенхэмнің» шабуылшысы Питер Краучка тиесілі. Ол алаңна 15 миунт ішінде екі сары қағаз алып қуылған екен.

«АЯКС» - «РЕАЛ» - 0:3

-        Мадридтік «Реал» ЧЛ-да өз тобында барлық ойындарын жеңген бесінші команда болды. «Реалға» дейін мұндай жетістікке «Милан» (сезон-1992/93), «ПСЖ» (1994/95), «Спартак» (1995/96) және «Барселона» (2002/03) жеткен.

-        Жозе Моуриньоның командасы +17 доп айырмасымен ЧЛ-ның рекордын жаңартты. E тобы. «ЧЕЛСИ» - «ВАЛЕНСИЯ» - 3:0 -        «Челси» 10 рет ЧЛ-ның топтық кезеңіне қатысып, барлығында да тобынан шыққан екен.

-        Дидье Дрогбаның 3-минутта салған голы, «ақсүектердің» бұл турнирдегі ең жылдам голы болып тіркелді. Бұған дейін лондондық ұжым үш рет 4 минутта есеп ашқан.

-  «Валенсия»  5 рет үш жіне одан да көп доп айырмашылығымен жеңілді. Бұған дейін «жарғанаттар» 2004 жылдың қазанында «Интерге» 1-5 есебімен жеңілген.

«ГЕНК» - «БАЙЕР» - 1:-1 -        «Генк» әлі күнге дейін  ЧЛ-да  12 кездесу өткізіп бірде-бір рет жеңіске жетпеген команда болды. Сөйтіп олар бұл көрсеткіш жөнінен «БАТЭ», «Партизан» және «Рапидті» қуып жетті. Ал 21 ойыннан кейін жеңістің дәмін татқан «АЕК» бқл жағынан көш басында келедді. ГРУППА F. «БОРУССИЯ» Д – «МАРСЕЛЬ» - 2:3

-        «Марсель» өз тарихында бірінші рет ЧЛ-да екі доп айырмасымен жеңіліп тұрып, жеңісті жұлып кетті. Керісінше «Боруссия» тарихында 2-0 есебімен жеңіп тұрып, ешқашан жеңілмеген ұжым болатын.

«ОЛИМПИАКОС» - «АРСЕНАЛ» - 3:1 -        Арсен Венгер бапкерлік ғұмырында 200-рет еурокубоктік матчына қатысты. Оның 44 «Монако» және 156 «Арсеналдың» бас бапкері ретінде.

-        Бұл ойындағы канонирлердің жалғыз голы, клубтың ЧЛ тарихындағы 250 болып тіркелді. Ағылшын командалардың ішінен «Арсеналдан» көп гол үрған «Ливерпуль» (317) және «МЮ» (440)

G тобы. «ПОРТУ» - «ЗЕНИТ» - 0:0 -        «Зенит» тарихында бірінші рет ЧЛ-ның плей-офф кезеңіне шығып отыр. АПОЭЛ – «ШАХТЕР» - 0:2

-        АПОЭЛ  өз тобында 10 ұпаймен бірінші орынмен шыққан үшінші команда болды. Кипрліктерге дейін бұл нәтижеге  «Ювентус» (маусым-1998/99) және «Реал» (маусым-2002/03) жеткен.

H тобы. «БАРСЕЛОНА» - БАТЭ – 4:0

-        «Барселона»  28 еуротурнирлік ойындарында гол салып келеді. Бұл көрсеткіш жөнінен каталондықтар «Вест Хэмнің»  1964 жылы мен 1980 жылдар аралығандағы нәтижесін жаңартты. Ол кезде ағылшындық команда 27 ойын қатарын қарсыластарының қақапсының саңылауын тапқан екен.

-        «Барса» топтық кезеңдерде қарсыластарының қақпасына 20 гол соғып, 1998-1999 жылғы «МЮ-дің» нәтижесін қайталады. -        Бірінші рет каталондық команданың негізгі құрамында 9 бірдей испандық ойыншы өнер көрсетті. - Впервые в матче Лиги чемпионов «Барса» вышла на игру с 9-ю испанцами в основе. - БАТЭ стал единственной командой в нынешнем розыгрыше Лиги чемпионов, которая во всех матчах уступала в счете после первого тайма «ВИКТОРИЯ» - «МИЛАН» - 2:2 -        «Милан» ЧЛ ұшінші рет сырт алаңда бірде-бір ойынын алғаш рет жеңе алмады.  Бұған дейін мұндай жағдай 1993/94; 1999/2000 жылғы маусымда болған екен.

Уалиххан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×