ЧЛ. «Шалькенің» тосын-сыйы мен «Портудың» сенімді жеңісі

11.03.2015, 15:49
ЧЛ. «Шалькенің» тосын-сыйы мен «Портудың» сенімді жеңісі
УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жауапты матчында германиялық «Шальке»  «Сантьяго Бернабеуде» мадридтік «Реалға» төрт гол соқты. Ал «Порту» өз алаңында швейцариялық «Базельге» мүмкіндік қалдырмады. Гельзенкирхенде жергілікті «Шалькені» 2:0 есебімен жеңген «Реал Мадрид» қарымта кездесуде неміс клубынан осындай қарқын күтпесе керек. «Шальке» мен ширек финал арасында бір ғана гол қалды. Тоблода 3:4 есебі тіркелгеннен кейін де қонақтардың мүмкіндіктері болған. Мадридтіктердің бақытына орай, Чемпиондар лигасының қазіргі иегері өз қақпасына бесінші голын жібермеді. «Порту» Швейцариядан тең есеп алып келгеннен кейін, ширек финалға бір қадам жақын тұрған. Өз алаңында өткізген матчта «Базель» қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, жалпы есепті 5:1-ге жеткізді.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×