
«Барселона» - Боруссия» Дортмунд
Ханси Флик жаттықтыратын каталондық клуб жартылай финалға шығуды көздейді. Ол үшін бүгін азулы қарсыласты өзінің алаңында ұтуы тиіс. «Боруссиямен» теке-тірес тарихы жаман емес - соңғы екі ойын испаниялықтардың жеңісімен аяқталған. Жалпы, бүгінгі алаң иелері 22 матчта жеңілмей келеді: 18 жеңіс пен 4 тең нәтиже. Керемет статистика, иә?
«Барселона» ЧЛ ғана емес, испан біріншілігінде де жемісті өнер көрсетуде. Дәл қазір екінші орындағы бәсекелесі «Реал» Мадридтен 4 ұпай алда тұр. Өткенде «Бетиспен» ойламаған жерден ұпай бөліспегенде, жағдайы тіптен жақсы болар еді.
«Боруссия» бұл ойынға тар жол тайғақ кешіп келді - 1/16 финалдық кезеңінде «Спортингтен» оңай айласын асырса (3:0, 0:0) келесі кезеңде «Лильмен» біраз қиналған еді (1:1, 2:1).
Бундеслигада «Боруссия» қазір 8-орында. Дортмундтықтардың басты мақсаты үздік 4-ік қатарына кіріп, келесі маусымда ЧЛ-да бақ сынау.
Болжам - «Боруссия» Дортмунд екінші таймда гол соғады. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде сіздер бұл нұсқаға 2.25 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
«ПСЖ» - «Астон Вилла»
Париждік команданың басты мақсаты биылғы Чемпиондар Лигасында топ жару. Өткен кезеңде «Ливерпульді» ұтып Луис Энрикенің командасы бұл ниетін айқындай түскен. Қысқасы, енді париждіктерге бүкіл күш-жігерді ЧЛ-ға салуға мол мүмкіндік бар, өйткені ішкі чемпионатында 6 тур бұрын чемпион атанып қойды. Енді бүгін тағы бір ағылшындық қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға бір табан жақындай түсуге ниетті.
Париждік команда барлық турнирлерді қоса есептегенде қатарынан алты ойынды жеңісен аяқтап келеді.
«Астон Вилла» биылғы ЧЛ-да тамаша нәтиже көрсетуде - негізгі кезеңді үздік сегіз команданың қатарында аяқтап, бірден 1/8 финалға аяқ басты. Онда «Брюггені» екі ойын қортындысында 6:1 есебімен тізе бүктірді. Жалпы, Унай Эмеридің шәкірттері ең алдымен қорғаныстағы керемет ойынымен есте қалуда - ЧЛ негізгі кезеңінде 6-ақ гол жіберген. Шабуылда да жаман емес - соңғы бес кездесудің төртеуінде кемінде 3 голдан салып келеді.
АПЛ-де бирмингемдік клуб 5-орынға табан тіреді. ЧЛ-да ойнауға мүмкіндік беретін 4-тің қатарынан көрінетін әлеуеті жетерлік. Бирмингемдік клуб өткен жолы бұл мақсаттағы тікелей бәсекелесі «Ноттингем Форестті» 2:1-мен ұтып, діттеген мақсатына жақындай түскен болатын.
Бұл ойында қос команда гол салады деп болжаймыз. Біздің серіктесте 1.68 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
Біздің серіктес: FONBET