ЧЛ топтық кезеңіндегі есте қалар 7 жаңалық

13.12.2013, 06:53
ЧЛ топтық кезеңіндегі есте қалар 7 жаңалық
 
 
Кеше чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталып. 32 команданың ішінен 16 мықты суырылып шықты. Жанкүйер қауым үміт артқан үздіктер өз білгеннен жаңылған жоқ. Білетіндер биыл бір оқыс оқиғаларға толы топтық кезең ойындарына куә болдық десіп жүр. Ендеше сондай есте қалар ерекше сәттерді санамалап көрейік... ...................................................................................................................................... Италияның «Наполи» командасы  алты ойынның төртеуінде жеңіске жетіп 12 ұпай олжалаған болсада, келесі кезеңге өте алмады. Бұндай «қасыретті» жағдай чемпиондар лигасында 16 жылдан бері кездеспеген екен. ...................................................................................................................................... «Наполидің» группадан шығуына қоржынындағы 12 ұпайы да көмектесе алмаған болса; Ресейдің « Зенит» командасына бұл межені бағындыру үшін бар болғаны 6 ұпай жеткілікті болды. Мұндай аз ұпаймен топтан шыққан команда әзірге «Зенит» қана болып отыр. ...................................................................................................................................... Ағылшынның «Манчестер Сити» командасы Д тобында екінші орынға табан тіреді. Ал олардың қанжығасында бақандай 15 ұпай бар. Бұл дегеніңіз чемпиондар лигасы тарихындағы топта екінші орын алған командалар үшін рекордтық көрсеткіш. ...................................................................................................................................... Түркияның «Галатасарай» командасы Италия чемпионы «Ювентустың» жолын кесіп, алдыңғы 16 мықтының қатарынан табылды. Осылайша бұл ұжым Түркия тарихындағы қатарынан екі жыл чемпиондар лигасының плей офф кезеңіне жолдама алған тұңғыш команда атанды. ...................................................................................................................................... Соңғы айналымындағы ойындарда жалпы 9 футболшы қызыл қағазбен жазаланған. Сөйтіп бір туырда алаңнан қуылғандар саны чемпиондар лигасы тарихындағы ең жоғары мәнге жеткен. ...................................................................................................................................... Алдыңғы 16 мықтының қатарында Германияның «Бавария», «Дортмунд», «Шалке», «Байер 04» командалары бар. Германия бундеслигасынан қатысқан төрт команданың төртеуінің де плей офф кезеңіне жолдама алуы тарихта бірінші рет болып отыр. ...................................................................................................................................... Ағылшын премер лигасынан да төрт команда топтық кезеңнен сүрінбей өтті. ЧЛ-тарихында бұндай жағдай алтыншы мәрте қайталанып отыр. Алдыңғы бес ретте плей офф кезеңіне шыққан ағылшындық төрт команданың кем дегенде біреуі финалға жетіп отырған. Осы  жағдай биыл да қайталанып қалуы бек мүмкін.  өйткені, бұл жолды жалғастыруға «Манчестер Юнайтед» те, «Арсенал» да, «Челси» мен «Манчестер Сити» де әбден қауқарлы. Қуанышхан ӨМІРХАН  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×