
9 маусым күні Астанада өтетін Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ойында қонақтардың бас бапкері Благоя Милевски нұсқаулық бере алмайды.
Себебі, Благоя Милевски 6 маусым күні Бельгияға қарсы өткен матчта 82-минутта сары қағаз алып, артынша төртінші төрешімен ауызша жанжалдан кейін, қызыл қағазбен алаңнан қуылған болатын.
Алдағы ойында Македония құрамасын бас бапкердің көмекшілері Роберт Стояновски мен Влатко Гроздановски басқарады.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Македония өз тобында 1 жеңіс, 2 тең нәтижемен өз тобында 2-орында келе жатыр. Ал Қазақстан 1 жеңіс және 1 жеңіліспен турнир кестесінің 3-орынына жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET