
Солтүстік Македония құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Роберт Стояновски Қазақстанға қарсы ойынның алдында өз пікірін білдірді.
Бұл іріктеу матчы. Ойын барысында кез келген нәтиже болуы мүмкін. Біз ең алдымен жақсы ойын көрсету үшін келдік. Қарсыласымызды құрметтейміз. Беларусьпен өткен жолдастық кездесудің нәтижесі бізді шатастырмайды. Кәсіби футболшылармыз жасанды алаңда ойнауға дайын. Өкінішке қарай, Исник Алими (“Далиан Ингбо”, Қытай) мен Боян Димоски (“Партизан”, Сербия) алдағы матчта көмектесе алмайды. Әрине, қиын. Бірақ Астанаға келген ойыншылар бар күшін салуға әзір.
Көптеген ойыншылар жасанды алаңда ойнамайды. Сондықтан бұл тұрғыда дайындалуымызға тура келеді деп ойлаймын. Тактикаға келетін болсақ, көп нәрсе бүгінгі жаттығуға байланысты болады. Осы жаттығудан кейін біз нақты ойын үлгісін анықтаймыз” – деді Солтүстік Македония құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Роберт Стояновски.
Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ойын 9 маусым күні кешкі 19:00-де “Астана Арена” стадионында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET