Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына кімдер төрелік жасайды?

08.06.2025, 19:47

Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ойынның бас қазысы белгілі болды. 

Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына кімдер төрелік жасайды?

Ойынға словакиялық төрешілер бригадасы тағайындалды. Бас төреші — Филип Глова. Оған көмек көрсететіндер Даниэль Полачек пен Петер Беднар. Төртінші төреші - Петер Кралович. VAR жүйесінде жұмыс істейтіндер — Мартин Дохал мен Борис Маргефка.

Айта кетейік, Филип Глова  биылғы маусымда Еуропа лигасының алты және Ұлттар лигасындағы Уэльс пен Черногория арасындағы бір ойынға төрелік еткен. Соңғы жеті матчта 34 сары қағаз және бір ғана қызыл қағаз көрсетті.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×