
Солтүстік Македония құрамасы Астана қаласындағы алғашқы жаттығуларын өткізді.
Ертең олар 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасымен күш сынасады. Команда Македония астанасы Скопьеден Астанаға дейін 6 сағатта 5 341 шақырым қашықтықты бағындырды. Бұл жолғы сапар олардың іріктеу тарихындағы ең алысы саналады. Бұған дейін ең шалғай жерлер Исландия мен Израиль болған.
Біздің серіктес: FONBET