ДАБЫЛ! “Тобыл” Чемпиондар лигасында ұзаққа шаба ала ма?

05.04.2011, 16:42
 ДАБЫЛ! “Тобыл” Чемпиондар лигасында ұзаққа шаба ала ма?

Футболдан ел біріншілігінің бес туры артта қалды. Өткен жылы ел біріншілігінде топ жарған “Тобылдың” аяқ алысын бас бармақпен бағалай алмайсыз. Білгенінен жаңылған, Сабитов шәкірттері қазір соңғы орындардың бірінде. Бізді алаңдатар бір жайт, “Тобылдың” Чемпиондар лигасындағы сын сағаты. Егер “Тобыл” дәл осы “қарқынынан” таймаса, ұзаққа шаппайды. Әлі есімде “Тобылдың” Интертото кубогында салған ойранын. УЕФА кубогында да біраз жерге барды. Ал биыл тұңғыш рет ЧЛ іріктеуінде. ЧЛ електік сынында бүкіл қазақстандық жанкүйер, мейлі ол “Ақтөбенің”, “Локомотивтің” жақтаушысы болсын, “Тобылдың” жеңісін тілейді. Бірақ сол қайысқан қарақұрым жанкүйердің үмітіне от сеппесе екен қостанайлық команда. Әрине, “Тобылға” топқа шық деп талап қоймаймыз да. Оған талап қояр жайымыз да жоқ. Бірақ бірінші кезеңнен сүрініп жатса, еуромаусымның қызығы кететіні рас. Былтыр “Ақтөбенің” шабысы талай қазақты шабыттандырып еді. Сол шабыттың биыл сарқынын да көре алмай қаламыз ба деген қауіп басым. Руслан МЕДЕЛБЕК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×