Италиялық "Кьево" клубы іс жүзінде өз жұмысын тоқтатқанымен, толық жойылмаған екен. Кеше, 3 қыркүйек, жұма күні клуб Италияның D сериясына ойнауға рұқсат алды. Бұл туралы Calcio e Finanza басылымы хабарлады.
Клубты қайта жандандыру мәселесімен 2000-2019 жылдар аралығында клубта ойнаған бұрынғы "Кьево" капитаны Серхио Пеллисье айналысуда. Дәл осы клуб өзінің қызметін тоқтатпауы үшін және D сериясында ойнау үшін ол инвесторларды жинады.
Енді "Кьево" өз атауын "Кьево 2021" деп өзгертуге мәжбүр болады, өйткені клуб дағдарысқа ұшырағандықтан бастапқы атауын ("Кьево 1929") қайта қоя алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, "Кьево" 2007/2008 жылғы маусымда В сериясының жеңімпазы атанды.2001 жылы команда А сериясында бірінші рет ойнады және бірден турнир кестесінде 5-орынға ие болды. Бұл жетістіктен кейін "Кьево" еурокубокте бақ сынады, бірақ ешқандай жетістікке жете алмады.
Біздің серіктес: FONBET