Камавинга «Ренн» клубының қызметкерлеріне «Реал Мадрид» жейдесін тарту етті

05.09.2021, 17:48
Эдуардо клубтың 166 қызметкеріне естелік сыйлықтар таратты.
Камавинга «Ренн» клубының қызметкерлеріне «Реал Мадрид» жейдесін тарту етті

«Реал Мадридке» ауысқан Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга «Ренн» клубының барлық қызметкерлеріне алғыс айтуды жөн көрді.

Ол 166 жұмысшыға мадридтік клубтың жейдесін жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды L'Equipe. Футболшы академияда және француз клубының негізгі командасында өткізген жылдары үшін естелік ретінде сыйлықтар таратқысы келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні «Реал Мадрид» Эдуардо Камавингамен келісім-шартқа отырған болатын. Футболшының трансферлік құны 31 миллион еуроны құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×