Финляндия - Қазақстан матчындағы үздік ойыншылар анықталды

05.09.2021, 15:47
Гол соққан шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Финляндия - Қазақстан матчындағы үздік ойыншылар анықталды

WhoScored статистикалық порталы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Финляндия - Қазақстан матчындағы ойыншылардың рейтингін жариялады.

Қорғаушы Александр Марочкин 7.2 ұпаймен Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы болып танылды. Екінші орынды қақпашы Игорь Шацкий (7.1), үшінші орынды қорғаушылар Еркін Тапалов пен Темірлан Ерланов бөлісті - екеуінің де ойыны 6,9 ұпайға бағаланды.


Матчтың үздік ойыншысы соғылған жалғыз голдың авторы Йоэль Похьянпало болды (7.4). Одан бөлек, Паулюс Аражури, Йере Уронен және Расмус Шуллер жоғары балл алды - 7,3.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×