Қазақстан құрамасы сапында үш ойыншы дебют жасады

05.09.2021, 15:28
Талғат Маруаұлы қосалқы құрамдағы ойыншыларды да тексеріп алды.
Қазақстан құрамасы сапында үш ойыншы дебют жасады

Қазақстан құрамасының үш ойыншысы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кедеңіндегі Финляндиямен болған ойында (0:1) дебюттік матчтарын өткізді.

"Каспийдің" қорғаушысы Мақсат Тәйкенов пен "Шахтердің" шабуылшысы Айдос Тәттібаев алғашқы минуттардан бастап өнер көрсетті. Бірақ екеуі де екінші таймда ауыстырылды.

Сондай-ақ 81-минутта Георгий Жуковтың орнына "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов шықты.

Үш футболшы үшін де бұл матч еліміздің негізгі құрамындағы дебюттік ойыны болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×