Талғат Байсуфинов: «Ойынды қайта қарап, қай тұста қателескенімізді анықтаймыз»

04.09.2021 21:18 Ұлттық құрама

Финляндияға қарсы жауапты матч қазан айында өтеді. Сондықтан бұл ойынды талдауға уақыт жеткілікті болмақ.

Талғат Байсуфинов: «Ойынды қайта қарап, қай тұста қателескенімізді анықтаймыз»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Финляндиямен өткен матчтан кейін баспасөз мәслихатына қатысып, ойын жайлы пікір білдірді.

- Бүгінгі матч жайлы ойыңызбен бөліссеңіз.

- Қайырлы кеш! Ойын сіздер үшін қызықты болды деп ойлаймын және жеңіске жетулеріңізбен құттықтаймын. 7 қыркүйекке дейін біз бұл ойынды талдайтын боламыз. Ал бір айдан кейін қайтадан Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы ойнаймыз. Сондықтан бізде бұл ойынды талдауға уақыт жеткілікті болады. Өкінішке орай, бүгін 1:0 есебімен ұтылып қалдық.

- Финляндия сіз үшін күтпеген ойын өрнегін көрсетті ме?

- Біз ойыншыларымыздан мейлінше жоғары ойнауды және қорғаныс пен жартылай қорғаныс арасындағы байланысты сақтауды талап етеміз. Біз бұл мәселені үзіліс кезінде талқыладық. Енді ойынды қайта қарап, қай тұста қателескенімізді анықтаймыз. Финляндия құрамасы доппен өте жылдам ойнады және шабуылға тез шығып отырды. Сондықтан осы эпизодтарды жақсылап талдау керек, бұл біз үшін пайдалы болмақ.

- Сіз соғылған голды қорғаушылардың қателігінен болды деп ойлайсыз ба әлде бұл Похьянпалоның жоғары деңгейлі ойын көрсетуіне байланысты ма?

- Сіздер бұл сұраққа өздеріңіз жауап бердіңіздер. Біз Еуропа чемпионатында өнер көрсеткен командаға қарсы ойнадық. Әрине, олардың ойындарын бақыладық. Негізінен, Скандинавия түбегіндегі командалар әуедегі доптарға жақсы таласады. Оның ішінде Босния және Герцеговина құрамасы да бар. Бұл олардың басты қаруы болып табылады. Похьянпалоның да қалай ойнайтынын білдік, бірақ гол шынымен де әдемі болды, өкінішке орай, қақпашымыз бұл допқа жете алмады.

0 пікір