Дайо Упамекано «Баварияға» ауысады

13.02.2021, 16:46
Ресми мәлімдеме бүгін шығады деп күтілуде.
Дайо Упамекано «Баварияға» ауысады

"Баварияның" спорттық директоры Хасан Салихамиджич "РБ Лейпцигтің" қорғаушысы Деотшанкюль Упамеканоның мюнхендік клубқа ауысу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"Мен Упамеканоның "Баварияға" ауысуға келіскенін растай аламын және біз бұған өте қуаныштымыз. Біз Дайо және оның агенті Фолькер Штрутпен бірнеше ай бойы қарқынды келіссөздер жүргіздік", - деді Салихамиджич.

Жазда "Бавария" ойыншыны сатып алу опциясын іске қосып, "РБ Лейпцигке" 42 миллион еуро төлейді. 22 жастағы француз футболшысы "Бавария", "Ливерпуль" және "Челси" арасында таңдау жасады. Осы клубтардан бөлек, "Пари Сен-Жермен" мен "Арсенал" да Упамеканоға қызығушылық танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×