«Тараз» нигериялық қорғаушымен келіссөздер жүргізуде

13.02.2021, 04:24
«Тараз» нигериялық қорғаушымен келіссөздер жүргізуде

29 жастағы орталық қорғаушы Фэйт Фрайдэй Обилор Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Тараз" клубына қосылды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет Instagram желісінде хабарлады. 

Нигериялық футболшы бұрын молдовалық "Шериф" командасында өнер көрсетті, ал оған дейін Финляндия чемпионатында ХИК, РоПС пен "Интер" клубтарында ойнаған.

Еске салайық, "Тараздың" жаңа бас бапкері болып армениялық маман Вардан Минасян тағайындалды. Оның бапкерлер штабына Артур Мкртчян, Сергей Тагиев, Александр Кучма, Арслан Сатыбалдин, Самат Наурызбаев кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×