14 сәуірде әзірбайжандық Бакуде «Даму кубогы» халықаралық турнирінің соңғы ойындары өтті.
16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (2000 ж) Грузия жасөспірімдер құрамасымен (1999 ж) кездесті. Өкінішке қарай, матч 2:0 есебімен грузиялық футболшылардың пайдасына шешілді.
Қазақстан құрамасының сапында алаңға шыққан футболшылар: Устименко, Айтым, Қашкен, Ілиясов, Совет, Сағынаев, Кеңесов, Махан, Сидоров, Прокопенко. Оларды алмастырған футболшылар: Ульшин, Куцевол, Ваганов, Мұқашев, Шәмші.
Василий Маруняк шәкірттері бұл ойыннан кейін Әзірбайжан астанасында өткен турнирді аяқтады. отандастарымыз алғашқы екі турда Әзірбайжаннан, кейін Греция құрамасынан ірі есеппен жеңілген болатын. Бұл турнирде қазақстандықтар бір ғана голмен мақтана алады.