«Барселонаның» 39 жастағы бразилиялық қорғаушысы Дани Алвес клубтан кететінін хабарлап, жанкүйерлермен қоштасты.
«Құрметті жанкүйерлер, қоштасатын кез келді. Өмірімнің сегіз жылдан астам уақытын осы клубқа арнадым... Бірақ, өмірдегі барлық нәрсе сияқты, жылдар өтіп, жолдарымыз екі жаққа айырылып, тарихты басқа жерде жазуға тура келеді. Олар мені қуып жібермек болды, бірақ қолдарынан келмеді (күлді). Сіздер мендегі күш-қайратты елестете алмайсыздар.
Әдеттегідей, футбол мен өмір маған осында оралып, қоштасуға мүмкіндік беруді жөн көрді. Бірақ алдымен жұртшылықтың назарында болғандарға, бізді көкке көтерген жандарға алғыс айтпай қоштаса алмаймын, баршаңызға рахмет!
Маған осы клубқа оралып, осы тамаша жейдені тағы да киюге мүмкіндік бергені үшін барлық қызметкерлерге алғысымды білдіргім келеді, сіздер менің қаншалықты бақытты болғанымды білмейсіздер...
Мұнда қалғандар осы тамаша клубтың жаңа тарихын жазады деп сенемін, шын жүректен осыны тілеймін. Бұл клубта мен үлкен кітап жаздым, яғни 23 тррфей жеңіп алдым. Осымен тамаша кезең өз мәресіне жетті, бірақ алда одан да күрделісі күтіп тұр.
Әлем әрқашан мынаны есінде сақтасын - арыстан, тіпті 39 жасында да мықты болып қала береді! Алға Барса!» - деп жазды Дани Алвес өзінің Instagram парақшасында.
Біздің серіктес: FONBET