Әли Әлиев: «Бірінші ойында хорваттарды таң қалдырамыз деп ойлаймын»

16.06.2022, 18:30
Петропавлдық клуб келесі айда еурокубоктегі дебютін жасамақ.
Әли Әлиев: «Бірінші ойында хорваттарды таң қалдырамыз деп ойлаймын»

«Қызыл-Жар» командасының бас бапкері Әли Әлиев УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Осиекпен» болатын кездесу туралы пікір білдірді:

- Менің ойымша, барлық қазақстандық клубтарға өте қиын қарсылас түсті, оның ішінде біз де бармыз. Хорватия футболы бүгінде ұлттық құрама және клуб деңгейінде тек алға жылжып келеді, сондықтан бұл чемпионат осал емес. «Осиек» - лайықты қарсылас, мен біздің клубты халықаралық аренада көргім келеді. Бұл кездесулерде біздің чемпионаттың қызған шағына келуі және Еуропадағы маусымның мамыр айында аяқталғаны маңызды рөл атқаруы мүмкін. Олар қазір жаңа команда жасақтауда, жаңа ойыншылармен толығуы әбден мүмкін, бірақ бұл команда тек дайындықпен шектеледі. Ал біз чемпионаттағы матчтар арқылы ойынды күшейтуіміз керек. Өз алаңымыздағы бірінші ойында хорваттарды таң қалдырамыз деп ойлаймын.

Баршаңызды құттықтаймын, «Қызыл-Жар» тарихта тұңғыш рет Еуропаның үлкен турниріне қатысады. «Астана», «Қайрат» және «Тобылдың» еурокубокте әжептеуір тәжірибесі бар, ал біз бірінші рет өзімізді сынап көргелі жатырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×