Дани Алвес Ла Лигадағы ең төмен жалақыны алуға келісімін берді

20.11.2021, 01:09
Футболшы 2022 жылға дейін ойнай алмайды.
Дани Алвес Ла Лигадағы ең төмен жалақыны алуға келісімін берді

"Барселонаға" оралған бразилиялық қорғаушы Дани Алвестің жалақысы белгілі болды. Каталондық клуб 38 жастағы футболшыға жылына 155 мың еуро төлейтін болады - бұл Ла Лига басшылығы рұқсат еткен ең төменгі жалақы, деп хабарлайды Marca.

Дереккөздің мәліметінше, Алвестің мұндай төмен жалақы алуына "Барселонаның" жалақы қорындағы мәселелер әсер еткен.

Еске сала кетейік, Алвес "Барселонамен" осы маусымның соңына дейін келісім-шартқа отырды. Ол қазір командамен бірге жаттығу жасауда, бірақ ол каталондық клуб үшін 2022 жылдан бастап қана ойнай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×