Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде алты сатыға көтерілді

20.11.2021, 01:32
Ұлттық құрамамыз бүған дейін 125-орында еді.
Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде алты сатыға көтерілді

Халықаралық футбол қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы 125-орыннан 119-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1140 ұпай бар.

Қараша айында Қазақстан құрамасы 2 матч өткізді. Талғат Байсуфинов командасы ең алдымен сырт алаңда әлем чемпионы Франция құрамасынан 0:8 есебімен жеңілсе, кейін Нұр-Сұлтанда Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңді.

 Рейтингтің көш басында Бельгия (1828 ұпай) тұр. Екінші орында Бразилия (1826) болса, үздік үштіктің қатарына Франция (1786) құрамасы көтерілді. 

 ФИФА рейтингі (19.11.2021):

 1. Бельгия – 1828 ұпай

2. Бразилия – 1826

3. Франция – 1786

4. Англия – 1755

5. Аргентина – 1750

6. Италия – 1740

7. Испания – 1704

8. Португалия – 1660

9. Дания – 1654

10. Нидерланд – 1653

25. Украина– 1535

58. Финляндия – 1411

61. Босния және Герцеговина – 1392

118. Тайланд – 1148

119. Қазақстан – 1140

120. Әзербайжан – 1139.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×