Уругвай құрамасы бас бапкерімен қош айтысты

20.11.2021, 15:38
74 жастағы маман Уругвайды 16 жыл бойы баптады.
Уругвай құрамасы бас бапкерімен қош айтысты

Оскар Табарес ресми түрде Уругвай ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды.

74 жастағы маман ұлттық құраманы 2006 жылдан бері жаттықтырып келеді. Сондай-ақ 1988-2000 жылдар аралығында да Уругвай құрамасын баптаған. Оның жетекшілігімен команда 2011 жылы Америка кубогін жеңіп алды.

Табарес клубтық деңгейде «Пеньяроль», «Депортиво Кали», «Бока Хуниорс», «Милан», «Овьедо», «Кальяри», «Велес Сарсфилд», «Данубио», «Монтевидео Уондерерс», «Белла Виста» командаларында, одан бөлек, Уругвайдың олимпиадалық және жастар құрамаларында қызмет атқарды. «Пеньярольмен» Либертадорес кубогінің жеңімпазы атанды, «Бока Хуниорспен» Аргентина чемпионатында топ жарды.

2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Уругвай құрамасы Аргентина (0:1) мен Боливиядан (0:3) ұтылды. 14 матчта 16 ұпай жинаған команда жетінші орында тұр, бұл әлем чемпионатында ойнауға мүмкіндік бермейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×