Дани Алвес: «Серджиньо Дестке кеңес? Допты Лионель Мессиге бер»

06.11.2020, 21:48
20 жастағы қорғаушы жаңа командасы үшін 9 ойынға қатысып үлгерді.
Дани Алвес: «Серджиньо Дестке кеңес? Допты Лионель Мессиге бер»

«Барселонаның» бразилиялық экс-қорғаушысы Дани Алвес каталондық клубтың 20 жастағы жаңадан келген америкалық ойыншысы Серджиньо Дест туралы пікірімен бөлісті.

«Егер маған Дестке кеңес беруді өтінсе, бұл өте қарапайым болады: допты Лионель Мессиге беріңіз.

Серджиньо Десттің көптеген қасиеттері бар, оның «Барселонада» жетістікке жетуге барлық мүмкіндігі бар, бірақ мен салыстыруды ұнатпаймын. Мені кезінде Кафумен салыстыратын еді. Мұндай салыстырулардың мағынасы жоқ», - деді Дани Алвес Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Серджиньо Дест биылғы жылдың қазан айында «Аякстан» 21 миллион еуроға ауысып келген болатын. Каталондық клубтың құрамында 20 жастағы қорғаушы барлық турнирлерде 9 кездесуге қатысып, нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×