«Тараз» қазақстандық қорғаушыны қатарға қосуы мүмкін

06.11.2020, 22:46
«Тараз» бірқатар түлектерін қайтарып алуды жоспарлап отыр.
«Тараз» қазақстандық қорғаушыны қатарға қосуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қайраттың" қорғаушысы Нұрлан Даировта мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқасы бар.

25 жастағы ойыншыға үміткер клубтардың бірі - "Тараз". Тараз қаласының командасы алдына бірқатар тәрбиеленушілерін қайтару міндетін қойды. Сондай-ақ жазғы трансферлік терезеде "Тараз" Елдос Ахметовке ұсыныс жасаған екен.

"Тараздан" бөлек Даировқа "Оқжетпес" те қызығушылық танытуда. Көкшетаулық клубта Нұрлан бірнеше маусымды жалдау келісімшартымен өткізген болатын. Даиров басқа да ҚПЛ командаларымен белсенді келіссөздер жүргізгендіктен, мансабын аталған екі клубта емес, басқа клубта да жалғастыруы мүмкін.

Нұрлан Даировтың "Қайратпен" келісімшарты аяқталуға жақын және ел чемпионы атанғанына қарамастан, қорғаушы клубтан кету туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×