Дания Чехия құрамасын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

04.07.2021, 05:30
Дания 1984 жылы да Еуропа чемпионатының жартылай финалында ойнаған.
Дания Чехия құрамасын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

Еуро-2020 турнирінің ширек финалында Дания құрамасы Чехия құрамасын жеңді. Кездесу Бакудегі (Әзірбайжан) Олимпиадалық стадионда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Данияның жартылай қорғаушысы Томас Дилэйни матчтың 5-минутында есеп ашты. Ал Каспер Дольберг 42-минутта өз командасының есептегі басымдығын арттырды. Чехиялық шабуылшы Патрик Шик 49-минутта чемпионаттағы бесінші голын соқты.

Дания жартылай финалда Украина - Англия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×