«Тобыл» сырт алаңда «Тұранды» жеңіп, турнирлік кестеде көш басына шықты

04.07.2021, 04:30
Қос команда алты гол соқты, оның екеуі автогол, біреуі пенальтиден...
«Тобыл» сырт алаңда «Тұранды» жеңіп, турнирлік кестеде көш басына шықты

"Тұран" Қазаұстан Премьер-лигасының он тоғызыншы турында "Тобылды" қабылдады. Матч "Түркістан Аренада" өтіп, 2:4 есебімен қостанайлық клуб жеңіске жетті.

Кездесудің 16-минутында "Тұран" шабуылшысы Темірлан Әміров есеп ашты. Ал 33-минутта Олжас Керімжанов өз қақпасына гол соғып, таразы басын тең қылды. 56-минутта "Тобыл" капитаны Азат Нұрғалиев пенальтиді сәтті пайдаланды. 76-минутта өз қақпасына гол соққан Сергей Малый 84-минутта керісінше, "Тұран" қақпасын дәл көздеді. Үш минуттан кейін Элгуджа Лобжанидзе матчтың нүктесін қойды.

Сырт алаңда жеңіске жеткен қостанайлық клуб 42 ұпаймен көш басына шықты. Ал түркістандық команда 18 ұпаймен он екінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×