“Астананың” экс-шабуылшысы Дембо Дарбо “Ордабасы” сапын толықтыруы мүмкін, деп жазады Kazakh_football_inside телеграм-арнасы.
25 жастағы шабуылшы қазіргі сәтте БАӘ ішкі чемпионатында өнер көрсететін “Аль-Насрда” сапында доп тебуде. Алайда жаңа клубқа ауысқалы Дарбо бірде-бір ойын өткізбеді.
Гамбиялық қазақстандық футбол фанаттарына тансық емес футболшы. Ол 2022/23 жылғы маусымда Бабаян жаттықтыратын “Астана” командасының намысын қорғады. Жалпы шабуылшы елордалық ұжым үшін барлығы 42 ойын өткізіп, 11 гол мен 2 голдық пас берді.
“Астана” мен “Аль-Насрдан” бөлек, Дарбо македониялық “Шкупи” мен украиндық “Шахтер” Солигорск клубтарында өнер көрсетті.
Трансфермаркет ойыншыны 400 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET