Куртуа қатардан қайта шықты

20.03.2024, 22:13

Қақпашы Тибо Куртуа тағы да жарақат алды, деп жазады Аладоп.кз.

Куртуа қатардан қайта шықты

Бельгиялық ойыншы “Реалдың” кешегі жаттығуынан кейін оң тізесін ауыртып алған екен. 

Қақпашы жаттығудан көзіне жас алып қайтыпты. Ол мадридтік клуб үшін осы маусымда өнер көрсете алмайтын болды. 

The Athletic журналисті Марио Кортегана Куртуаның 6-7 аптаға дейін қатардан шығып қалғанын жеткізді.

Тибо соңғы рет 17 маусым күні ресми ойын өткізді. “Реалдың” жазғы жолдастық кездесулерін сәтті өткізген қақпашы тамыз айында тізе сіңірінің ауыр жарақатын алып, ота жасатқан болатын. 

Куртуа жоқта “Реал” қақпасын украиндық Андрей Лунин күзетіп жүр. Ол осы маусымда мадридтік клуб сапында барлығы 14 ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×