Дастан Сәтпаев «Алтын доп» иегері? Англиялық сарапшылар пікірі

31.05.2025, 15:57

«Chelsea in Pidgin» порталы ҚПЛ 11-тур аясында өткен «Ақтөбе» - «Қайрат» кездесуінде жеңіс голын соққан Дастан Сатпаевтың шеберлігіне тәнті болып, материал арнапты.

Дастан Сәтпаев «Алтын доп» иегері? Англиялық сарапшылар пікірі
Дастан Сәтпаев

Англиялық сайт алматылық клуб шабуылшысына ерекше тоқталып, «Алтын допты» еншілейтін қауқары барын да мәлімдеген. 

«Бұл есімді ұмытпаңыз – Дастан Сәтпаев! Ол «Ақтөбеге» қарсы ойынның 87-минутында гол соғып, командасына көптен күткен жеңісті әкелді. Болашақ "Алтын доп" иегері. Ол «Челси» сапына 2026-жылдың маусымында ауысады, - деп жазды белгілі портал Х әлеумметтік желісінде. 

Айта кетейік, кеше Ақтөбедеге тартысты ойында Дастан Сәтпаев керемет гол ұрып, алматылық клубқа жеңіс сыйлаған болатын 2:1. ҚПЛ-2025 маусымында 16 жасар футболшы үздік шабуылшы болып тұр. Дастан «Қайрат» жейдесіндегі 12 ойында 8 гол мен 3 ассисттің авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 500 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 37
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×