«Ұлытау» екінші рет жеңіске жетті

31.05.2025, 17:59

Премьер-лиганың кезекті турында «Ұлытау» өз алаңында «Тұран» командасын 2:1 есебімен жеңіп кетті.

 

«Ұлытау» екінші рет жеңіске жетті

Ойынның алғашқы таймында қонақтар басымдықты қолға алып, 21-минутта Константин Дорофеевтің баспен жасаған дәл соққысымен есеп ашты. Үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ.  0:1.

Екінші таймда алаң иелері белсенді ойын көрсетті. 60-минутта Абзал Таубай таразы басын теңестірсе, 73-минутта Рамазан Абылайхан шешуші голды соғып, командасына үш ұпай алып келді. Есеп: 2:1. Осылайша, жезқазғандықтар екі тур қатарынан жеңісті тойлады.

Бұл жеңістің арқасында «Ұлытаудың» ұпай саны 8-ге жетіп, команда турнирлік кестедегі ұшу аймағынан шықты. Ал «Тұран» 11 ұпаймен 9-орында қалып отыр.


«Ұлытау» — «Тұран» 2:1 (0:1)
Голдар: Дорофеев 21, минут (0:1), Таубай, 60 минут (1:1), Абылайхан, 73 минут (2:1)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×