
Көкшетаудағы тартысты кездесуде «Оқжетпес» командасы «Қызылжарды» 3:2 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде үздік бестікке енді.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері басымдық танытты. 10-минутта Дәурен Жұмат пенальтиден есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай екі команданың да ойыншылары алаңнан қуылды. 37-минутта қонақтар сапынан Глеб Валгушев, ал 38-минутта алаң иелерінен Аслан Дарабаев қызыл қағаз көрсетілді.
Екінші таймда «Қызылжар» шабуылын күшейтіп, 55-минутта Тоқтар Жанғылышбай айып добынан есепті теңестірді. Алайда көп ұзамай, 73-минутта Стахинья Йованович «Оқжетпеске» қайта басымдық сыйлады. 88-минутта Дамир Марат есепті 3:1-ге жеткізсе, 90+1-минутта Елисей Горшунов есепті қысқартты. Қорытынды есеп: 3:2.
Бұл жеңістің арқасында «Оқжетпес» 20 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 13 ұпаймен сегізінші орында қалды.
«Оқжетпес» — «Қызылжар» 3:2 (1:0)
Голдар: Жұмат, 10 минутта пенальти (1:0), Жанғылышбай, 55 минут (1:1), Йованович, 73 минут (2:1), Марат, 88 минут (3:1), Горшунов, 90+1 минут (3:2)
Қызыл қағаз: Валгушев, 37 минут («Қызылжар»), Дарабаев, 38 минут («Оқжетпес»)
Біздің серіктес: FONBET