«Қайрат» бас бапкері көпшіліктен кешірім сұрады

31.05.2025, 20:57

«Қайрат» клубының ресми парақшасы Ақтөбеде өткен матчтағы бас бапкердің эмоциясына байланысты жазба жариялады.

«Қайрат» бас бапкері көпшіліктен кешірім сұрады

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбемен» өткен матчтағы оқиға жайлы айтты:

— Ойын бойы «Ақтөбе» ФК жанкүйерлері трибунадан командамыздың бапкерлер штабы мен ойыншыларына бірнеше рет балағат сөз айтып, біз жаққа бөгде зат лақтырды.

Жағдай ушығып, шиеленісті сәтте шамадан тыс эмоцияға беріліп, бейәдеп сөз айтып қойдым. Бұл әрекетім үшін шын жүректен өкінемін. Сөзіммен ренжітіп алған жандардан кешірім сұраймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×