Gemini AI 2026 жылғы Қазақстан Премьер лигасының үздік сұрмергені атағына кімнің басты үміткер екеніне талдау жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазіргі уақытта сұрмергендер көшін Лондондық “Челсиге” аттанып бара жатқан Дастан Сәтпаев (7 гол) бастап тұр. Ол елден кеткеннен кейін, жасанды интеллект бұл бәйгеде кімнің мүмкіндігі жоғары екенін есептеп шығарды.
Дастан Сәтпаевтан кейін турнир кестесінде қатарынан 6 гол соққан бірнеше футболшы келе жатыр. Жасанды интеллект осы төрт ойыншының ішінен басты фаворитті анықтады.
Жасұлан Әмір (“Ордабасы”): 6 гол;
Роман Мұртазаев (“Елімай”): 6 гол;
Нұрбол Әнуарбеков (“Жетісу”): 6 гол;
Жоржиньо Монтейру (“Қайрат”): 6 гол.
Gemini-дың талдауы бойынша, Дастан жоқта алтын бутсыны жеңіп алуға “Ордабасы” шабуылшысы Жасұлан Әмірдің мүмкіндігі өте жоғары.
“Шымкенттік клуб биылғы маусымда турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр және команданың шабуыл әлеуеті өте күшті. Жасұлан Әмір серіктестерінің сапалы пастарының арқасында голдар санын еселей түсуге жақсы мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Сәтпаев кеткеннен кейін “Қайраттың” негізгі соққы беруші күшіне айналатын легионер Жоржиньо Монтейру да Әмірге басты бәсекелес болады."