"Челсидің" жаңа бапкері Хаби Алонсоның дебюттік матчы жанкүйерлер үшін нағыз голдар шоуына айналды, деп хабарлайды Aladop.kz.
18 жасар Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев бұл кездесуде "Челсидің" Хаби Алонсо дәуіріндегі ең алғашқы голын соғып, тарихқа енді.
Сидней Суперкубогы аясында өткен "Челси" мен Аустралиялық "Уэстерн Сидней Уондерерс” арасындағы кездесу Сиднейдегі "Аккор” стадионында өтіп, 6:4 есебімен Лондондықтардың пайдасына аяқталды. Сәтпаев ойынның небәрі 6-минутында есеп ашып, жаңа бапкердің сенімін ақтады. Сонымен қатар, ол Дариу Эссугу соққан екінші голдың өрбітілуіне де белсенді қатысты.
Ойын өте тартысты әрі драмаға толы болды. "Уондерерс" сапынан Энтони Пантазопулос (14'), Айдан Хаммонд (32'), Дилан Счиклуна (61') және Аван Луал (78') гол соғып, Аустралиялық клуб бірнеше рет есепте алға шықты. Алайда, "Челси” сапында қосалқы құрамнан шыққан Жоау Педро нағыз ерлік көрсетіп, 80, 85 және 89-минуттарда гол соғып, хет-трик жасады. Сондай-ақ, Лондондықтар сапынан Дариу Эссугу (38') мен Джейми Гиттенс (66') мергендігімен көзге түсті.